"Кесіріміз тиіп кететін болды-ау": Қытай конькишісі Ақнардың қазақша сұхбатын диктофонға жазып алған кім?(ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Кесіріміз тиіп кететін болды-ау": Қытай конькишісі Ақнардың қазақша сұхбатын диктофонға жазып алған кім?(ВИДЕО)

"Кесіріміз тиіп кететін болды-ау": Қытай конькишісі Ақнардың қазақша сұхбатын диктофонға жазып алған кім?(ВИДЕО)

Конькиден қытай құрамасының спортшысы қандасымыз Ақнар Ардақтың қазақстандық журналистерге қазақша сұхбат бергеніне көпшілік разы болды. Дегенмен бірқатарын алаңдатқан жағдай да бар. 

  • 11 Ақпан 2022
  • 3797
Фото - Caravan.kz

Себебі, Қытай жерінде жүріп өзге елдің тілшілеріне ана тілінде сұхбат беру ертең кесір болып жүрмей ме деген қорқыныш пайда болды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Видеода Ақнардың артқы жағында диктофон ұстаған әлдебір қытайлық адамды көруге болады. Мұны көзі қырағы жандар бірден байқады.

Аталған сұхбатты түсірген отандық тележурналист Жандос Айтбайұлы видеоны алғашқылардың бірі болып өз парақшасына жүктеген еді. Ондағы пікірлердің бірінде Жандос «Қасына қылқылдап келіп алған қытайды әрең қуып жібердік», деп жазды.

Сондай-ақ тілші  қазақ қызына кесірі тиіп кетпесін деп сұрақпен көп қинамағанын да қосты.

Ең сорақысы тіпті қытайлықтар басында Ақнарды қазақ журналистерінің қасына тоқтатпай алып кеткен көрінеді.Әйтседе қандасымыз кейін өзі бұрылып қайта келіп, сұхбат берген екен.

Оқырмандардың көбі, осы сұхбаттың өзі Ақнар қандасымызға кәдімгідей кері әсер ететінін, қытайдың атаққа қарамайтынын ескертті.


Олимпиада кезінде Қытайдың атынан шығатын қазақ қызы елді сұлулығымен таң қалдырды (ВИДЕО)

Еске салсақ, Қытай ұлттық құрамасының конькишісі Ақнар Ардаққызы 1999 жылы Қытайдың Шыңжаң өлкесінің Құттыби ауданында туған. Қазіргі күні Ақнар конькимен жүгіруден Қытай құрамасының мүшесі. Ол осы уақытқа дейін талай мәрте республикалық және халқаралық жарыстардың бас жүлдесін жеңіп алған. Жастар арасындағы конькимен жүгіруден 2019-2020 жылғы Әлем кубогының екі кезеңіне қатысқан Ақнар алтыннан алқа таққан.Коньки спортынан қытай елінің рекордын жаңартқан чемпион!

ВИДЕО

 

Соңғы жаңалықтар