Жарияланды: 33600

"Кездесейік": Меруерт Түсіпбаева қыр-соңынан қалмай жүрген 80-дегі шал туралы шындықты айтты

"Кездесейік": Меруерт Түсіпбаева қыр-соңынан қалмай жүрген 80-дегі шал туралы шындықты айтты

Жекеге жазылатын, түрік, американдықтарға қоса, осындай хаттар шаршатты.... Кешегі күн ауыр болды..

Әнші Меруерт Түсіпбаева қыр-соңынан қалмай жүрген әлдебір қария туралы шындықты айтты. Нұр-Сұлтанға барған өнер иесін 80 жастағы қария түн ортасында кездесуге шақырған, деп жазады Caravan.kz медиа порталы

Әнші өзінің Instagram парақшасында түні ұйқысын бөліп жүрген шал туралы былай деп жазды:

“Пендеміз ғой” ток- шоуы Әлібиге арналды, онсызда жалғызбасты әкесі әділетсіздікпен күресіп шаршаған, денсаулығы сыр берген, толқып әзер сөйледі. Бағдарламадан ауыр тас көтеріп шыққандай сезімде болдым. Құдай басқа салмасын, жазықсыз Әліби,2 жылға жуық қамауда. Қонақ үйден кешкі ас ішіп , демалайын десем, 80-дегі шал қоңырау шалады. "Кездесейік, мен де Астанадамын" деп.

Оның нөмірін блокқа қоямын. Басқа нөмірлерден звондап, арасында сытылып шығып кетеді блоктан. Мен кеше қатты ашуландым.  Әдемі қартая алмаған қарияға "Қақпас" мені жайым қалдыр дей жаздадым. Маған сағат түнгі он бірде кездесейік , саған тосын сыйым бар дейді. Алдағы уақытта 16 желтоқсан мақтау қағаздарына қол қоясың деді.

Өтірік! 16 желтоқсанға қарсы, Әлібиді шығарса, маған сол ең керемет атақ, кез келген жүлдеден артық дедім де, телефонды жауып, шал- дың жаңа нөмірін блоктап тастадым! Әлібидің кім екенін түсінбей дал болған шығар. Таңертең ояна салсам, жекеге біреу хат жазады. “Хабар “арнасында жұмыс жасайды деп жазылып тұр екен профильде. Түріне қарасаң, дені сау адам сияқты. Уақыт таңғы 8:30 болған. Ерініп отырып жауап жаздым. Сөйтсем, бұл ерте алжыған біреу екен. Еркектердің қырындауы менің ғана жыныма тиеді ма?! Шынымен жыным ұстайды. Мазамды алмаңыздаршы. Жүрегім бос емес" , - деп жазды Түсіпбаева.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін