KFC-ге тапсырыс берген бойжеткен тауық ішінен жағымсыз нәрсе тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
KFC-ге тапсырыс берген бойжеткен тауық ішінен жағымсыз нәрсе тапты

KFC-ге тапсырыс берген бойжеткен тауық ішінен жағымсыз нәрсе тапты

Сидней (Аустралия) тұрғыны Сара Палмер KFC түскі асында белгісіз нәрсені тапты деп жазады news.com.au.

  • 12 Желтоқсан 2018
  • 171
Фото - Caravan.kz


26 жастағы аустралиялық әйел тез тамақтану мейрамханасында тауыққа тапсырыс берген. Олардың бірін жеп бітерде ішінен ми қатпарларына ұқсас нәрсе тапқан. 

Қыз болған оқиғаны Facebook әлеуметтік желісіндегі KFC парақшасында жазып қалдырды. Сондай-ақ жағымсыз нәрсенің суретін де жүктеді. Жазба лезде қолданушылар арасында қызу талқыға түсіп, 22 мыңнан астам адам пікір қалдырған. 

«Мені қате түсініп қалмаңыздар, мен KFC-ді сүйіп жеймін. Бірақ сол күні құсқым келе жаздады. Дәмді шөптер мен дәмдеуіштердің арасында белгісіз затты көргендегі менің жиіркенгенімді көрсеңіздер. Таныстарым өз көзімен көрмейінше мені асыра сілтеп жатыр деп ойлаған», – деп жазған Палмер.

KFC-дің тұтынушыларға қызмет көрсету өкілі жауап ретінде қызға ми емес, бүйрек түскенін айтады. Компания қызметкері Сарадан тапсырыс туралы егжей-тегжейлі ақпарат беріп, байланыс телефонын қалдыруды сұрады.