Хакерлер Дмитрий Медведевтің мыңдаған СМС-терін саудаға қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Хакерлер Дмитрий Медведевтің мыңдаған СМС-терін саудаға қойды

Хакерлер Дмитрий Медведевтің мыңдаған СМС-терін саудаға қойды

«Анонимді интернационал» тобының хакерлері РФ премьер-министрі Дмитрий Медведевтің гаджетінен алынған ақпарат көшірмесін саудаға қойды, деп жазады Росбалт.

  • 10 Ақпан 2015
  • 300
Фото - Caravan.kz


Лот орналастырылған Exchange of Information порталындағы ақпаратқа сәйкес,  аукцион 2015 жылғы 9-23 ақпан аралығына дейін созылады. 

Лоттың бастапқы құны 100 биткоин  (около $22 тыс.), біржолғы сатып алу бағасы — 500 биткоин ($110 мыңға жуық).

Лот құрамына iCloud-дегі Медведевтің үш құрылғысының ақпараттары кіреді. Файлға премьердің бірнеше мың SMS-хабарламалары, фотосуреттері мен видеолары, шалынған қоңыраулары, телефон кітапшасының байланыстары,  Skype  ақпараты, сондай-ақ осы құрылғыда пайдаланылған қосымша деректері кірген.