Жарияланды: 470

«Халал» индустриясының ішкі және экспорттық стандарттары болуы шарт

Бүгінгі таңда «Халал» өнімдерінің ішкі және экспорттық стандарттары болуы қажет.

Бүгін Астанада жалғасып жатқан 7-ші Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумы аясында сөз сөйлеген Ресей Федерациясы Мүфтилер кеңесінің «Халал» стандарттарын әзірлеу бөлімінің бастығы Жафар Азизбаев осылай деді. Оның айтуынша, бүгінде «Халалдың» негізгі үлгісі болған малайзиялық стандартымен қоса, бүгінде Ислам конференциясы ұйымына кіретін Ақпараттық орталық және зерттеулер жөніндегі Ислам палатасының стандарттары қолданыла бастады. «Осы екі стандарттың арасында қарама-қайшылықтар бар. Соңғы ИКРИК стандарты бойынша жылқының етін жеу харам болып табылады. Ал оларда рұқсат етілген қоспаларға малайзиялық стандарт тыйым салып отыр. Сол себепті, меніңше, бүгінде «Халал» стандартының ішкі және экспорттық стандартын әзірлеу қажет. Мәселен, мұсылман елі өзі үшін «Халал» өнімдерінің бір түрін шығаратын болса, экспортқа көрші мұсылман мемлекетінің талаптарына сай өнім ұсынуы тиіс. Әйтпесе, біз бір-біріміздің нарығымызға кіре алмаймыз», - дейді Ж.Азизбаев.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін