Департаменттің баспасөз хатшысы Әнуар Добрашевтің хабарлауынша, 2006 — 2008 жылдар аралығында банк қызметкерлері қолдан жасалған жалған шығын ордерлері бойынша кәсіпорын жетекшілері мен жеке кәсіпкерлерге аудандық филиалдың кассасынан ірі көлемде қолма-қол ақша беріп, заңсыз операциялар жүргізіп келген.
«Кеміп қалған ақша көлемін филиалдың бірнеше ондаған клиентінің ағымдағы шоттарынан олардың қолдарын жалған қою арқылы ұрлаған ақшамен жауып отырған», — деді Ә. Добрашев.
Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті