Халық суретшісі Ә.Исмайыловтың 100 жылдығыға арналған конференция өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халық суретшісі Ә.Исмайыловтың 100 жылдығыға арналған конференция өтті

Халық суретшісі Ә.Исмайыловтың 100 жылдығыға арналған конференция өтті

Аңызды суреттейтін шебер! Астанада қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі, режиссер, кино саласының майталманы әрі халық билерін зерттеуші Әубәкір Ысмайыловтың 100 жылдығына арналған халықаралық конференция басталды.

  • 4 Қыркүйек 2013
  • 340
Фото - Caravan.kz

Қылқалам шебері өзінің туындыларын ел назарына 1928-ші жылы тұңғыш рет өткен жылжымалы сурет көрмесінде ұсынған екен. Ысмайылов суретші ғана емес, халық ауызынан «Дауылпаз», «Қаражорға» билерінің әр іс-қимылын, белгілерін жинап, тіпті үлкен сахналарға алып шыққан. Актерлік қабілетімен де ерекшеленген тұлға алқаш рет 1934-ші жылы киноға түсіпті. «Тақиялы періште», «Қыз жібек» фильмдерінің түсіріліміне де қатысқан. Бүгінде Астанада суретшінің атында көше бар. Біртуар тұлғаның талантына тағзым еткендер жыл сайын бұл көшеге гүл шоқтарын әкеп қояды. Ал, ертеңгі өткізетін көрмеде оның картиналары қойылып, ол туралы жазылған 300 беттік кітаптың тұсаукесері өтпек.


Болат Кальянбеков, Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы:

Суретшінің өмірі туралы 30 минуттық фильм дайындап жатырмыз. Естеліктер, басқа да деректер осы дерекеті фильмде айтылады және оны бүкіл республикалық арналардан таратамыз деп отырмыз.