Халық жинаған 807 тонна көмектің 200 тоннасы Қостанайға жетті - Дәулет Кәрібек - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халық жинаған 807 тонна көмектің 200 тоннасы Қостанайға жетті - Дәулет Кәрібек

Халық жинаған 807 тонна көмектің 200 тоннасы Қостанайға жетті - Дәулет Кәрібек

Қостанай облысында өрттен зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету үшін құрылған бекеттерге 807 тонна жүк жиналып, бүгінде оның 200 тоннасы өңірге жеткізілді.

  • 5 Қыркүйек 2022
  • 40
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «Amanat» партиясының хатшысы Дәулет Кәрібек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қостанайдағы тілсіз жаумен күресіп жатқан отандастарымыздың жағдайына барша ел алаңдап отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Қостанайға барып, өрттен зардап шеккен аумақты тікұшақпен аралап, зардап шеккен азаматтармен кездескенін көріп, біліп отырсыздар. Ел басына күн туған кезде «Amanat» партиясы елдің партиясы ретінде, Мемлекет басшысының қоғамдық тірегі ретінде алғашқы күннен бастап жұмыла кірісіп, гуманитарлық көмек ұйымдастырумен айналысты. Ел азаматтарының бәрі өз аманатын біздің партияның гуманитарлық бекеттеріне табыстап, қазір 807 тонна көмек жиылды. Оның 100-200 тоннаға жуығы Қостанайға жеткізілді», — деді партия хатшысы.

Сондай-ақ ол «Amanat» партиясы өрттің салдарын жоюға атсалысатынын жеткізді.

«Гуманитарлық көмектің ішінде азық-түліктен бөлек, жеке гигиеналық құралдар мен құрылыс материалдары да бар. Өйткені өрт сөнгеннен кейін азаматтардың үйіне кіруі маңызды. Оған біздің партия мүшелері де, «Жастар рухының» еріктілері де міндетті түрде атсалысады», — деді Дәулет Кәрібек.

Еске салайық, Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орман өрті 2 қыркүйек күні басталды. Бірнеше ауылдан 1841 адам эвакуацияланды.

Қостанай облысында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орайластырылған салтанатты шаралар кейінге шегерілді. Іс-шараларға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев баратыны жоспарланған еді. Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook-тегі парақшасында ҚР Президенті орман өртіне қарамастан Қостанай облысына жұмыс сапарымен баратынын айтты.

Бүгін Қ.Тоқаев өңірге 
барды.
 Өрт болған елді мекен тұрғындарымен кездескен Президент зардап шеккендерге Үкімет екі айда бұрынғыдан да жақсы үйлер салып беретінін айтты. Өртті ауыздықтауға жүздеген техника, мыңдаған адаммен бірге 7 бірдей тікұшақ тартылды.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қостанай облысындағы өрт адам қолынан болды деген нұсқаны жоққа шығармайтынын мәлім етті.

Зардап шеккен қостанайлықтарға көмек беру үшін бірыңғай қоғамдық қор құрылды.

Өңірдегі жағдай тұрақталғанша, 3 мыңнан астам оқушы қашықтан білім алатын болды.

Әулиекөл ауданындағы өрт салдарынан Аманқарағай ауылында 98 үй өртеніп кетті.

Өңірде төтенше жағдай режимі жарияланды.

Үйлері өртеніп кеткен қостанайлықтардың банктегі несиелері жабылады.

Қазір 5 ауылдын маңында орман өрті сөндіріліп жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар