Жарияланды: 880

"Халықаралық Алматы әуежайы" Air Astana әуекомпаниясын әуежайдың жаңа бағаларына келісуге көндіру мақсатында компания рейсін екі сағатқа кешіктірді

Алматы. 7 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - "Халықаралық Алматы әуежайы" АҚ әуежайдың жаңа бағаларына "Air Astana" АҚ-ын көндіру үшін компания рейсін екі сағатқа кешіктірді. Бұл туралы арнайы баспасөз мәслихатының барысында "Air Astana" әуекомпаниясының басшылығы мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Кеше, 6 тамыз күні біздің Алматы - Ақтау бағытындағы А-320 ұшағымен қатынайтын нөмірі КС859 рейсіміз "Халықаралық Алматы әуежайының" ұшаққа жанармай құюдан бас тартуына байланысты 2 сағат 20 минутқа кешіктірілді. Бұл ұшақ жоспар бойынша жергілікті уақытпен 20.20-да ұшуы тиіс болса, ол тек 22.54-те ұшып кетті", - деді Air Astana компаниясының шұғыл басқару орталығының менеджері Бердіхан Агмуров. Баспасөз баянына сәйкес, әуежай әуе компаниясын алдын ала хабарландырмастан әуе кемесіне жанармай құюды тоқтатып, оны жалғастыру үшін екі талап қойған. Біріншіден, әуе керосинінің бағасын қазіргі баға бойынша емес, тек 14 тамызда ғана күшіне енетін жаңа баға бойынша төлеу. Екіншіден, әуежай ұсынып отырған жерде көрсетілетін қызметтер (жердегі қуат көздері, саты және т.с.с.) бағасының көтерілуімен келісу. Ұсынылып отырған бағалардың орташа өсім деңгейі 80 пайызға жететіні де атап көрсетілген. Бұл әуе компаниясының 30 млн теңге көлеміндегі қосымша шығындарына алып келетін еді. "Кеше "Air Astana" АҚ егер әуежай әуе компаниясының әуе керосинін сақтау шегін айына 6 мың тоннадан 10 мың тоннаға ұлғайтқан жағдайда бұл талаптармен келісетінін хабарлады", - деп атап көрсетілген комнанияның баспасөз баянында. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть