«Осылайша, енді Халықаралық астаналар және ірі қалалар ассамблеясына 52 млн халқы бар 78 қала кіреді. Бұл үлкен күш», — деп түсіндірді дауыс беру нәтижелерін Халықаралық астаналар және ірі қалалар ассамблеясының атқарушы директоры Михаил Соколов.
Бұдан өзге бүгінгі форум барысында Халықаралық астаналар және ірі қалалар ассамблеясының бірінші вице-президенті болып Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов сайланды. Елорданың бұрынғы әкімі, қазіргі «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ басшысы Асқар Мамин Халықаралық астаналар және ірі қалалар ассамблеясының құрмет грамотасына ие болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті