Жарияланды: 370

Халықаралық әуежай маңындағы қоқыс үйінділеріне қатысты шу шықты

Алматыда халықаралық әуежай маңындағы қоқыс үйінділеріне қатысты шу шықты! Жауаптылар, тұрмыстық қалдықтар жинайтын полигонды басқа жаққа көшіруді ұсынып отыр. Өйткені, соңғы кезде осы жерге үймелеген құстардың кесірінен апатты жағдайлар жиілей бастаған. Тіпті қанаттылардың тікұшақ қозғалтқышына соғылып, істен шыққан оқиғасы да болыпты.  

Қазірдің өзінде 118 дерек тіркелген. Оның 53 пайызы дәл осы қоқыс алаңындағы қанаттылар кесірінен екен. Абырой болғанда адам шығыны жоқ дейді жауаптылар. Сондықтан, оқыс оқиғалардың алдын алу үшін, бүгін «алпауыт қоқыс алаңын әуежай аймағынан құрту» туралы Алматы облысы әкімдігіне хат жолдады. Десе де, шенділер полигонның көзін жоймақ түгілі, жеке меншікке өткізіп жатқаны белгілі болды. Сондықтан, әуежай басшылығы бұл мәселе жақын күнде шешіле қоятынына күмәнмен қарайды.

Алғанбек Сармұқанов, әуежолдары қауіпсіздігінің үйлестірушісі:

- Заң бойынша әуежай ауласында, әсіресе 15 шақырым жерде құстарды қызықтыратын ештеңе болмауы тиіс. Мәселен, қасапхана, қоқыс алаңы сынды. Ал өздеріңіз көріп тұрғандай 11 шақырым жерде бір емес екі бірдей үлкен қоқыс полигоны жатыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін