Жарияланды: 950

Халықаралық нашақорлық пен есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орайластырылған баспасөз мәслихаты

23-маусым күні сағат 11:00-де «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің баспасөз орталығында (Алматы, Республики алаңы 15, 6-қабат) нашақорлық мәселесіне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Баспасөз мәслихатының тақырыбы - «Нашақорлық: Қазақстандағы ахуал және оны шешу жолдары». Баспасөз мәслихатына «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ЖҚ АҚФ аппараты жетекшісі Ғалым ҚОЖАМБЫР, Алматы қаласы ІІД Есірткіге қарсы күрес басқармасы бастығы, полиция майоры Дмитрий ЛОСКУТОВ, Алматы қалалық наркология орталығы бас дәрігерінің реабилитациялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Күләмша МЕРЗАДИНОВА қатысады. БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының болжамынша, есірткі пайдаланушылардың жалпы саны 200 миллионнан асады. Бұл Жер бетіндегі халықтың 3,4%-ы немесе жас 15-тен асқан халықтың 4,7%-ы деген сөз. Аккредитация үшін телефондар: (+7-727) 266-63-82, 266-63-83, e-mail: press2@interfax.kz

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін