Халықаралық Олимпиада комитеті Алматының әзірлігін тексеріп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халықаралық Олимпиада комитеті Алматының әзірлігін тексеріп жатыр

Халықаралық Олимпиада комитеті Алматының әзірлігін тексеріп жатыр

Олимпиадаға жауапты мамандар Алматының мүмкіндігін бағамдады. 2022 жылы Қысқы ойындарды өткізуге үмітті оңтүстік астанадағы нысандарды Халықаралық Олимпиада комитетінің арнайы комиссиясы аралап көрді. Дүбірлі доданың қайда өтетіні осы өкілдердің бағасына тікелей байланысты. Әзірге олимпиададан Қытай астанасы Бейжің де үмітті.

  • 17 Ақпан 2015
  • 336
Фото - Caravan.kz

Қала басшылығы шетелдік қонақтар алдында Алматының бар мүмкіндігін ашып көрсетуге тырысып жүр. Әсем табиғатты тау жоталары, әлемдік талаптарға сай келетін шаңғы жолдары, тіпті, спортшыларды қабылдайтын жайлы қонақ үйге дейін дайын тұр екен.

-Ешқандай проблема болмауы тиіс. Міне, қараңыз: бәрі сапалы. Қарап көріңіз.

Халықаралық Олимпиада комитеті әзірге тек тексеріп қана қойды. Соңғы шешімін сәрсенбі күні айтпақ. Дегенмен, мәселе басқада. Стокгольм мен Краков, Львов, ақыр соңында Ослоға дейін бас тартқан Ақ Олимпиада Алматыда өткізу қаншалықты тиімді? Біршама нысандар дайын дегенімен, 4 жыл бұрынғы Азиадаға салынған спорт кешендері тағы жөндеуді қажет етіп отыр.

-2022 жылғы Ақ Олимпиаданы қабылдауға Алматының спорт нысандары небәрі 70-80 пайыз ғана дайын. Ал ,100 пайыздық деңгейге жеткізу үшін мемлекет қыруар қаржы жұмсайын деп отыр. Мәселен, «Ақбұлақ» спорт кешенін толықтай техникалық жабдықтау үшін 6,5 млн. доллар қажет. «Табаған» спорт кешенінің ауқымын ұлғайтуға 10 млн. доллардан астам қаржы шығындалуы тиіс.

Марат Ишмуров, «Ақбұлақ» шаңғы-биатлон кешенінің бас инженері:

-Біздің кешен күрделі жөндеуді қажет етіп тұр. Мысалы, мұндағы көрермендер отыратын жер 16 мың адамға арналған. Енді оны екі есе ұлғайту қажет. Одан бөлек, шаңғы жолдарына қар бүркеп тұратын арнайы құрылғыларымыз жоқ. Осы және өзге де қажеттіліктерімізді арнайы сметаға кіргізіп отырмыз.

Ақ Олимпиадаға арналған ірі спорт нысандарын қайта жабдықтауға қажетті техникаларды тізбелей берсек, оған жұмсалатын қаражат көлемі мемлекет қазынасына оңайға соқпайын деп тұр. Әзірге қажетті 14 нысанның жетеуі дайын. Тағы үшеуі 2017-ші жылғы Универсиадаға дайын болуы тиіс. Тағы бір айта кетерлігі, Олимпиада комитеті Алматыны таңдаған күннің өзінде жарыс тек бір қалада өтпек.

Андрей Крюков, «Алматы-2022» ұйымдастыру комитерінің вице-президенті:

— Шығын көлемін қазір айта алмаймын, дегенмен алдыңғы олимпиадалардан әлдеқайда аз. Және бір айтарым, жарыс тек бір қалада –Алматыда өтеді.

Алматыдан кейін комиссия Бейжіңді аралайды. Ал соңғы шешімдерін алдағы жазда жарияламақ.