Жарияланды: 470

Халықаралық қару-жарақ және әскери техника салонында ҰҚШҰ мүше елдердің қорғаныс өнеркәсібі кешені кәсіпорындарының көрмесі ұйымдастырылады

Алматы. 13 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Халықаралық қару-жарақ және әскери техника салонында алғаш рет 2008 жылы ҰҚШҰ мүше елдердің қорғаныс өнеркәсібі кешені кәсіпорындарының көрмесі ұйымдастырылады. Бұл туралы кеше ҰҚШҰ жанындағы тұрақты кеңестің отырысында "Бизон" ЖАҚ директорлары кеңесінің төрағасы Сергей Маричев құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҰҚШҰ Хатшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

С. Маричевтің хабарлауынша, "Жаяу әскердің әскери мақсаттағы өнімдеріннің халықаралық көрмесі -2008"-ге (МВСВ-2008) әлемнің 22 елінен қорғаныс өнеркәсібі кешенінің 400-ден астам кәсіпорны қатысады. ҰҚШҰ Хатшылығының баспасөз қызметінің хабарлауынша, өкілетті өкілдер сонымен бірге ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясында, Қауіпсіздік кеңесі хатшыларының комитетінде, қорғаныс министрлерінің кеңесі мен сыртқы істер министрлері кеңесінің алдағы отырыстарында талқыланатын мәселелерді пысықтады. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть