Халықаралық сот Ресейді әлемдік спорт жарыстарынан екі жылға шеттеді - kaz.caravan.kz
  • $ 485.34
  • 564.45
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халықаралық сот Ресейді әлемдік спорт жарыстарынан екі жылға шеттеді

Халықаралық сот Ресейді әлемдік спорт жарыстарынан екі жылға шеттеді

Спорттық арбитраждық соты ресейлік спортшыларды халықаралық сайыстарға қатысудан 2022 жылдың 16 желтоқсанына дейін шеттету туралы шешім шығарды.

  • 18 Желтоқсан 2020
  • 27
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарт агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сот Әлемдік допингке қарсы агенттік пен Ресейдің допингке қарсы агенттігінің арасында өткен. Ресми ақпаратқа сенсек, Ресей тарапына шығарылған үкім әлдеқайда жеңілдетілген екен. Бұған қоса, ресейлік агенттік 1,27 миллион доллар өтемақы төлеуі тиіс.

Қазіргі таңда Ресейдің допингке қарсы агенттігі сот шешімімен толығымен келіспейтінін жеткізді.


"Агенттік Спорттық арбитраждық сотының үкіміне қанағаттанбайды. Өкінішке орай, біздің тараптың келтірген дәлелдердің барлығы назарға алынбады. Агенттіктің қайта қалпына келуі үшін екі жыл уақыт берілді", — деп мәлімдеді Ресейдің допингке қарсы агенттігі.