Халыққа қызмет көрсету орталықтарында сынақ ретінде 25 жаңа қызмет іске қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халыққа қызмет көрсету орталықтарында сынақ ретінде 25 жаңа қызмет іске қосылды

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында сынақ ретінде 25 жаңа қызмет іске қосылды

2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанның халыққа қызмет көрсету орталықтарында сынақ ретінде 25 жаңа қызмет ұсынылды.

  • 27 Қаңтар 2014
  • 314
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Көлік және коммуникация министрлігі мәлімдеді.

Енді бұл орталықтарға білім беру туралы құжаттың телнұсқасы, қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат, жер телімін пайдалану мақсатын өзгертуге шешім, іздестіру жұмыстары үшін жер телімін пайдалануға рұқсат алу үшін жүгінуге болады.

Бүгінгі таңда Халыққа қызмет көрсету орталықтарында 171 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Мәселен, 2011 жылы халыққа қызмет көрсету орталықтары халыққа барлығы 59 қызмет көрсетсе, 2012 жылы олардың саны 113-ке жетті.

Көрсетілетін қызметтер санынынң артуы көбінесе Connection Point өзіндік қызмет көрсету алаңы іске қосылғаннан кейін мүмкін болған. Бұл алаңда азаматтар қызметтерді өздері ала алады, осылайша кеңесшілер өзге жұмыс үшін босайды», деп ХҚО қызметін автоматтандыру және ұйымдастыру жөніндегі бас директордың орынбасары Әсемгүл Балташева мәлімдеді.


Оның айтуынша, ХҚО-на жаңа қызметтер енгізу жалғаса бермек.