"Халыққа жаны ашитын пенде деп айта алмаймын": Айгүл Елшібаева 500 мың теңге тұратын бизнес турды сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Халыққа жаны ашитын пенде деп айта алмаймын": Айгүл Елшібаева 500 мың теңге тұратын бизнес турды сынға алды

"Халыққа жаны ашитын пенде деп айта алмаймын": Айгүл Елшібаева 500 мың теңге тұратын бизнес турды сынға алды

Дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева Түркияның Анталия қаласында өтетін бизнес турды сынға алды.

  • 20 Қазан 2021
  • 286
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Бұл құлқынның құлы болып, елге дуа үйретуші мыстандықты насихаттаған Құралай ханым деп өзіне ат қойған, псевдопсихолог ел қылмысын ұмытты деп, алаяқтығын тағы бастаған ба?

Елге бақыт дұғасы деп, өз дуасын жаттатып, елді есінен ауыстырма, абжатыңды жаттатпа дегеніме , мені өтірікші, өсекші деп бәле жапқаныңда, Бердияр қаридан абжат алған видеоңды тауып, жалаңды жоққа шығарғанмын.

Аналары жылап, осы қатынның дуасының кесірінен балам өлді деген зары әлі құлағымыздан кеткен жоқ. Құралай сен ұмытсаң да, қу құлқыныңды тескен ақша үшін жасаған қылмыстарың парақшамда сақтаулы.

Елді алдаған өтірік тренингтерімен, тағы қандай өтірікпен, аңқау елді жарылқамақшысың.
ИП ОШАҚБАЕВА, РЕСПУБЛИКА САРАЙЫНДА ӨТКЕН ТРЕНИНГІНЕН ТҮСКЕН ҚАРАЖАТЫНЫҢ НОЛОГЫН ТӨЛЕДІ МА, ДЕГЕНДЕ ФИН ПОЛИЦИЯНЫҢ ІСІ ДЕГЕНМІН.

Дәулеттен @dauletten.kz
қасындағы спикерді білмедім, маған Спикерлер Тұрсынбаева, Шонбай болады деді ұйымдастырушы Лаура Дәулетбек деген , Құралайға қосып қойыпты деген жауап алдым.

ОШАҚБАЕВА Үстіңе көгершін қондырып, Пірің Правдина пен будданың иогасын,бақыт дұғасы деген абжатыңды насихаттауға бара жатырсың ба?

ИНСТАЦЫГАНДЫҚПЕН АТЫ ШЫҚҚАН ДИПЛОМЫ ЖОҚ, Психологпвн деп елге дуа жаттатқан АЛАЯҚТАРҒА ТҰСАУ ҚАШАН САЛЫНАДЫ ЕКЕН?
Соңғы кезде арықтаңдар деп , физкультурный институт бітіргендей секектеп жүр едің, Анталияға барып секектемексің ба?

Желтоқсан айының 1-5 аралығында АНТАЛИЯДА ДЕГЕН,
Қатысу құны: 500.000тг
Орын саны шектеулі-,депті.

Аңқау елге арамза болған, оқымағандардың көпірмесін естуге, Түркияға бару ақымақтық емес пе? Бұлар халыққа жаны ашитын пенде деп айта алмаймын, бұлар ақшасыз қолының саусағының ұшын қимылдатпайтындар екенін ескертемін. Осындайлардың көпірмесінен ел байып.кетсе, сайрағалы 5 -жыл болды ғой.

Алаяқ псавдопсихологқа алданбаңыздар оқырмандар.
Менікі ескерту", — деп жазды Айгүл Елшібаева.

Естеріңізге сала кетейік, бизнес тур Желтоқсан айының 1-5 аралығында Түркияның Анталия қаласында өтпек. Турда спикерлер қатарында экономист Дәулет Мұқаев, психолог Құралай ханым, айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева, бизнесмен Қуаныш Шонбай.


Соңғы жаңалықтар