«Салымдардың кепілдендірілген өтемі сол деңгейде қалады», — деді ол КТК телеарнасындағы «Халық қызметшісі» бағдарламасында
Ұлттық банк басшысы депозиттері теңге күйінде сақталған халықтан «шұғыл әрекеттер жасамауды» сұрады.
«Өткен жылы депозиттер бойынша теңгемен орташа табыс 8 пайыз болды, валюталық депозиттер бойынша шамамен 5 пайыз болды. Биылғы жылы теңге бойынша депозиттер 8 пайыз деңгейінде болады деп күтілуде, сәйкесінше валютадағы кіріс 3 пайыз болады. Яғни халық ұзақ мерзім бойы теңгелік депозиттер ұстағаннан ұтады», — деп атап өтті Қ.Келімбетов.
Оның сөзіне қарағанда, мөлшерлеме параметрлері өзгермейді. «Бірақ жалпы алғанда, біз қазір халықты депозиттерін теңгемен ұстауға тарту үшін арнайы шаралар кешенімен жұмыс істеудеміз», — деп қосты Ұлттық банк төрағасы.