Жарияланды: 430

"Хан Тәңірі-2003" халықаралық фестивалі аясында Қазақстан, Ресей және Қырғызстандық құтқарушылардың оқу-жаттығулары өтеді

"Хан Тәңірі-2003" халықаралық фестивалі аясында Қазақстан, Ресей және Қырғызстандық құтқару қызметтерінің оқу-жаттығулары өтеді. Бұл туралы бүгін, 17-шілдеде орталық құтқарушылар клубының бастығы Павел Новиков KZ-today тілшісіне берген сұхбатында хабарлады.

Оның айтуынша, "Ақкөл" альпинистік лагері оқу-жаттығулар полигоны ретінде кездейсоқ таңдалып отырған жоқ. Дүниежүзіндегі ең биік шыңдардың бірінің баурайы болып табылатын бұл жерде табиғи зілзала жыл сайын болады. Аймақтағы ахуал төтенше жағдайдағы ахуалға өте жақын. Сондықтан Алматылық және Алматы облыстық құтқарушылар үшін мұндағы жаттығулардың маңызы зор. "Жер сілкінісі, сел жүру, көшкін түсу тәрізді табиғат апаттары жиілеп кеткендіктен, құтқарушыларға табиғаттың қандай да дөңайбат мінезіне дайын болу қажет",- дейді П.Новиков. Алматы қалалық мемлекеттік төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының төрағасы Болат Ысқақовтың айтуынша, "құтқарушылардың халықаралық слеті альпинистер фестивалімен бір уақытта өткізілуінің өзіндік себебі бар. Түркияда соңғы уақыттарда болған оқиғалар мен Қазақстандағы жер сілкінісі мұндай қызметтердің мағызын тағы бір дәлелдеді. Соған байланысты біз құтқарушыларды күрделі ахуалда өзара ықпалдастық жүйесінде жұмыс істей білуге машықтандыруды ұйғардық",- дейді Б.Ысқақов. Құтқарушы топтар теңіз деңгейінен 5 мың метрлік биіктікте адамдарды құтқаруға бағытталған бірнеше операцияны жүзеге асырғалы отыр. Сондай-ақ, арнаулы құтқару жабдықтарын қолдана отырып Хан Тәңірінің бөктеріндегі қиын жерлер арқылы жүріп өтуге бағытталған әрекеттер жасалады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть