Миллиардтаған доллардың тауарын тиесе де, өзімен бірге теңізге бірде бір күзет ала шықпаған жүк кемесі Африка жағалауынан өте бергенде, кенеттен қандықол қарақшылардың шабуылына тап болады. Бұл болған оқиға. Бүкіл экипаждың өмірі үшін жауапкершілікті капитан түгел өз мойнына алады.
Алыптығына байланысты қарашылардан қашып құтыла алмаған кеме ақыры қарулы топтың қолына түседі. Қоқан-лоқы көрсетіп еті үйренген басқыншылардың ниеті қара. Бәрін де қырып салмақ. Жауыздардың жоспарын түсінген капитан, осы ретте өзін құрбан етеді.
Кейін бүкіл әлемге әйгілі болған бұл шабуыл АҚШ әскерін аяғынан тік тұрғызады. 4 күн бойы олар капитанды қарақшылардан құтқарып қалмақ болады.
Ғалия Оспан:
-Өте қорқынышты болды, әсіресе, капитанды қару-жарақпен алатын кезде өте қатты қорықтым.
Ал мынау болса, Ұлыбританияның сүйікті ханшайымы Диана жайлы оқиға. Фильм қалың жұрт әлі естімеген ханшайымның құпия өмірі туралы.
Сөйтсе, Диана кезінде пәкістандыққа ғашық болған екен. Қарапайым дәрігермен ол көп жылдар бойы кездесіп жүріпті. Қос оқиғаның соңы немен аяқталатынын білгіңіз келсе, кинотеатрларға асығыңыз!