Ханзада Эндрю Баку-Тбилиси-Жейхан құбыр жүйесімен мұнай айдау шарасына қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 469.52
  • 553.75
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ханзада Эндрю Баку-Тбилиси-Жейхан  құбыр жүйесімен мұнай айдау шарасына қатысады

Ханзада Эндрю Баку-Тбилиси-Жейхан құбыр жүйесімен мұнай айдау шарасына қатысады

Йорк герцогы Эндрю Альберт Кристиан Эдвард немесе Ханзада Эндрю 24-26-мамырда Ұлыбританияның сауда және инвестиция жөніндегі арнаулы өкілі ретінде Әзербайжанға барады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Әзербайжандағы Ұлыбритания елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 13 Мамыр 2005
  • 462
Фото - Caravan.kz

Ресми Лондоннның өтініші бойынша герцог 25-мамырда Эндрю Баку-Тбилиси-Жейхан құбыр жүйесімен алғашқы мұнай айдау шарасына қатысады.

Сапар барысында Ханзада Эндрю Әзербайжан мемлекет басшысы Ильхам Әлиевпен және Ұлыбританиялық кәсіпкерлермен кездеседі. Ол сонымен бірге ВР компаниясының қатысуымен құрылған бірқатар мұнайгаз нысандарында болады.
Атап айтсақ, ол Сангачал терминалына барып, Каспий энргетика орталығының ашылуына қатысып, British Council орталығының Әзербайжандаы жұмысымен танысады.