Жарияланды: 610

ХҒС орбитада өсірілген қияр мен қызанақты жеуге рұқсат алмақшы

Сәрсенбіге қараған түні Халықаралық ғарыш станциясына аттанатын экипаж мүшелері ғарышта өсірілген орыс қызанағы мен жапон қиярынан салат жасаймыз деп үміттенеді.

«Жапон модулінің бортында біз қияр өсіріп, эксперимент жүргізбекпіз», - деп дүйсенбі күні Байқоңырда өткен баспасөз мәслихатында жапон астронавты Сатоси Фурукава мәлім етті. Оның айтуынша, эксперимент барысында өсу гормоны тексерілмек. «Бізге оларды жеуге рұқсат етпейді», - дейді астронавт. «Біз өз бөлігімізде қызанақ өсіреміз. Оны жеуге рұқсат етілмейді. Бірақ одан салат жасайтын шығармыз», - дейді ресейлік ғарышкер Сергей Волков.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін