Жарияланды: 610

Хиросима және Нагасакиге атом бомбасының тасталғанына 70 жыл толды

Жапонияның Хиросима және Нагасаки қалаларында атом бомбасының жарылғанына 70 жыл болды. Осыған байланысты бүгін Алматыда «Аттан, Қазақстан» қозғалысының жетекшісі Амантай қажы Асылбек он шақты жақтасын жинап, әдеттегідей шеру өткізді.

Ақсақалдың жақтастары – Невада-Семей жарылысынан зардап шеккендер мен зағиптар. Олар жаппай қырып-жоятын қарудың әлем бойынша қолданылуына қарсылықтарын білдірді. Айта кетсек, 1945 жылы 6 тамызда Хиросима қаласына алғаш рет атом бомбалары тасталған еді. Арада 3 күн өткеннен кейін Нагасакиде де жойқын жарылыс болды. Бұл апаттар 200 мыңнан астам адамның өмірін қиған. «Аттан, Қазақстан» қозғалысының мүшелері осы қасіретті күндерді 27 жылдан бері еске алып жүр. Десе де, Амантай қажының бүгінгі жиыны да бұрынғыларынан ерекшеленген жоқ. Топтың айқайын көпшілік түсінбей, тек көшедегі әрі-бері жүрген көлік жүргізушілері ғана бұларды қызықтаумен болды. Ал қозғалыс жетекшісінің өзі біздің Семей полигонындағы сынақтар Хиросима мен Нагасаки қасіретінен де асып түседі дейді.

Амантай қажы Асылбек, «Аттан Қазақстан» қозғалысының жетекшісі:

- Мына бүгін70 жыл толды. Хиросима мен Нагасакида үлкен апат болғанына. Япония халқына. Дүниежүзі халқына. Бірақ қазақ халқы, жұртшылық әлі білмейді. Ол жақтағы апат мың есе жеңіл. Біздің Қазақстанда 500 бомба сыналған. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін