Берлиндегі швейцариялық елшілікке жүгініп, Швейцарияға бару үшін үш айлық виза беру туралы өтініш білдірді. Бұл туралы кеше АП агенттігі швейцариялық СІМ өкілі Штефан фон Белоуге сілтеме жасай отырып мәлімдеді.
«Өтініш жақын күндері қаралады, бірақ бұл мерекеге байланысты көп уақытқа созылуы мүмкін», — дейді ол.
М.Ходорковскидің өкілі Кристиан Ханн швейцариялық визаға өтініш беру «ЮКОС» басшысының Швейцарияға қоныс тебуді көздейтінін білдірмейтінін атап көрсетті.
Бұрын хабарланғандай, өткен жұмада Ресей президенті Владимир Путин М.Ходорковскиге рақымшылық жасау туралы жарлыққа қол қойды. Сол күні «ЮКОС» компаниясының бұрынғы басшысы Крелиядағы колониядан шығып, жекеменшік ұшақпенГерманияға ұшып кетті.