Хоккей матчы кезінде шайба тиген ер бала ажал құшты - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Хоккей матчы кезінде шайба тиген ер бала ажал құшты

Хоккей матчы кезінде шайба тиген ер бала ажал құшты

Хоккейден Франция чемпионатының екінші дивизионы матчы кезінде шайба кездейсоқ сегіз жасар ер балаға тиіп, ол алынған жарақат салдарынан көз жұмды. 

  • 3 Қараша 2014
  • 343
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы AFP хабарлады.

Қайғылы оқиға сенбі күні Лиллада орын алды. Данкерк" (Dunkerque Corsaires) — "Реймс" (Reims) кездесуі кезінде шайба алаңнан сыртқа, орталық трибуна жаққа қарай  ұшып кетіп, сонда отырған балаға тиген. Ол ауыр жарақаттанды.

Ер бала жедел жансақтау бөліміне жеткізілді, бірақ оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.


 Аталмыш оқиғаға байланысты аяқталуға небәрі үш минут қалған матч тоқтатылып,  кейінге ауыстырылды.