ХҚКО-ларда жұмыспен қамту қызметі көрсетіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ХҚКО-ларда жұмыспен қамту қызметі көрсетіледі

ХҚКО-ларда жұмыспен қамту қызметі көрсетіледі

Астанадағы бірқатар халыққа қызмет көрсету орталықтарында жұмыспен қамту орталықтарының мамандары халықты қабылдап жатыр.

  • 11 Мамыр 2017
  • 366
Фото - Caravan.kz

 Сол жерде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты барлық ақпаратты алуға болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына сілтеме жасап.

«2017жылы 1 шілдеден бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МЭМС) жүйесі енгізіледі. Оған Қазақстанның әрбір азаматы қатысуға міндетті. Осыған орай, Астанадағы Республика даңғылы, Достық пен Сәтбаев көшелерінде орналасқан халыққа қызмет көрсету орталықтарында жұмыспен қамту орталықтарының мамандары жұмыс істеп жатыр. Сол жерде Астананың тұрғындары мен қонақтары бос жұмыс орындары, мемлекет тарапынан жұмыссыздарға берілетін көмек, жұмыссыз ретінде тіркелу және тағы басқа ақпаратпен таныса алады», — деліген ресми хабарламада.

Айта кетейік, ағымдағы жылы 1 шілдеден бастап Қазақстандағы барлық жұмыс берушілер жұмысшылар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына арнайы жарнаны аударатын болады. Ол ақшадан мемлекет тарапынан кепілдік берілмеген медициналық қызметтердің шығыны өтеледі. Ал жұмыссыздар, зейнеткерлер, мүгедектермен бала күтімімен отырған әйелдер үшін арнайы жарна бюджеттен аударылады.     


 

Соңғы жаңалықтар