Ху Цзиньтао Н. Назарбаевты Қазақстан астанасының 10 жылдығымен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ху Цзиньтао Н. Назарбаевты Қазақстан астанасының 10 жылдығымен құттықтады

Ху Цзиньтао Н. Назарбаевты Қазақстан астанасының 10 жылдығымен құттықтады

Астана. 2 шілде. "Қазақстан Бүгін" - ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан астанасының 10 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 3 Шiлде 2008
  • 465
Фото - Caravan.kz

«Сіздің жетекшілігіңізбен тәуелсіздік жылдары еңбекқор және данагөй Қазақстан халқы өзінің қажырлы және жасампаз еңбегінің арқасында дамудың дұрыс жолын таңдай білді.

Қазір Қазақстанда экономика тұрақты дамуда, халықтың әл-ауқаты жақсаруда, қоғамның әлеуметтік-саяси тұрақтылығы сақталуда, халықаралық сахнада елдің тұғырнамасы нығайып келеді.

Біз мемлекеттілікті нығайту және елді дамыту бойынша қазақстандықтардың қол жеткізген табыстарына шын жүректен қуанамыз.

Биылғы жылдың тамызында болатын Пекин Олимпиадасында Сіздің болатыныңызды және Пекинде Сізбен кезекті рет кездесуді күтемін», — деп көрсетілген Қытай басшысының Н. Назарбаевтың атына жолдаған жолдауында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті