"Хьюман райтс уотч" қызметкері АҚШ мемлекеттік департаменті жанындағы демократия және адам құқықтары жөніндегі бюроның жаңа басшысы болды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Хьюман райтс уотч" қызметкері АҚШ мемлекеттік департаменті жанындағы демократия және адам құқықтары жөніндегі бюроның жаңа басшысы болды

"Хьюман райтс уотч" қызметкері АҚШ мемлекеттік департаменті жанындағы демократия және адам құқықтары жөніндегі бюроның жаңа басшысы болды

АҚШ мемлекеттік департаментінің демократия, адам құқықтары және еңбек қатынасы мәселелері жөніндегі бюросына Том Малиновский басшы болып тағайындалды.

  • 14 Мамыр 2014
  • 435
Фото - Caravan.kz

АҚШ мемлекеттік хатшысының қызметіне ант қабылдаған Т.Малиновский бұдан бұрын «Хьюман райтс уотч» құқық қорғау ұйымының вашингтондық бөлімін басқарды, деп «Голос Америки» радиостанциясы мәлімдеді.

Т.Малиновский бұл қызметке былтыр шілде айында ұсынылған, алайда партияаралық қарама-қайшылық салдарынан оның кандидатурасы Сенатта мақұлданбаған болатын.

Джон Маккейн және Бенджамин Кардин секілді сенаторлар өз әріптестеріне оның кандидатурасы бойынша дауыс беруді жеделдетуді сұрап хаттар жолдады. Ақырында, 2 сәуір күні Т.Малиновский Демократия, адам құқықтары және еңбек қатынасы мәселелері жөніндегі бюроға басшы болып тағайындалды.