Киев билігі 25 мамыр президент сайлауы өтетін күні бүкілукраиндық ақыл-кеңестік сауалнама өткізуді ұсынуда - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Киев билігі 25 мамыр президент сайлауы өтетін күні бүкілукраиндық ақыл-кеңестік сауалнама өткізуді ұсынуда

Киев билігі 25 мамыр президент сайлауы өтетін күні бүкілукраиндық ақыл-кеңестік сауалнама өткізуді ұсынуда

Украина үкіметі әзірлеген «2014 жылы 25 мамырда бүкілукраиндық консультативтік сауалнама жүргізу туралы» заң жобасы бүгін Жоғары Рада сайтында жарияланды.

  • 6 Мамыр 2014
  • 436
Фото - Caravan.kz

Заң жобасына қосымша түсіндірме тілхатқа сәйкес, ол 25 мамыр күні Украина президентінің кезектен тыс сайлауымен қатар бүкілукраиндық консультативтік сауалнама өткізуді қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.

Мұнымен қоса, Украина заң жобасында бүкілукраиндық консультативтік сауалнама жүргізу кезіндегі белгілі тәртіптемелерді жүзеге асыру ерекшеліктерін қарастыру ұсынылған.

Заң жобасында көрсетілгендей, сауалнамаға енгізілетін сұрақтар Украина Жоғары Радасының қаулысымен айқындалады.


Бүкілукраиндық қоғамдық сауалнама кеңестік сипатта болады, ал ұсынылған мәселе бойынша дауыс беруге қатысушылардың, сауалнамаға қатысушылардың көпшілігінің пікірі мемлекеттік билік органдары шешім қабылдауда назарға алынады.