Киев орталығында наразылық акциясы кезінде тәртіпсіздік орын алған - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Киев орталығында наразылық акциясы кезінде тәртіпсіздік орын алған

Киев орталығында наразылық акциясы кезінде тәртіпсіздік орын алған

Киевте 2014 жылы орталық алаңдағы (Майдан) наразылық акциялары кезінде құрбан болғандарды еске алу шарасы кезінде тәртіпсіздік орын алды. Шараны Украина ұлтшылдары ұйымының жақтастары өткізді.

  • 20 Ақпан 2017
  • 320
Фото - Caravan.kz

19 ақпанда жүздеген белсенді үкіметтен Украина билігіне бағынбайтын Донбаспен сауданы тоқтату жөнінде талап қойған. Наразылық білдірушілер президент әкімдігі жанына шатыр тікпек болған кезде, полициямен қақтығысқан. Жәбірленушілердің айтуынша, полиция белсенділерге қарсы көзден жас ағызатын газ бен таяқ қолданған. Демонстранттар болса қоршауды сындырмақ болған.

Нәтижесінде ондаған белсенді мен бір полиция қызметкері жараланған. Бес адам ұсталған. Оның ішінде Украина ұлтшылдары ұйымының жетекшісі Николай Коханивский де бар.


Киев орталығына Ұлттық гвардия мен қосымша полиция кіргізген.

Кешкі 21.00 шамасында полицияның хабарлауынша, жағдай тұрақталған.