Жарияланды: 380

Киев түбіндегі қазба жұмыстары барысында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлесіміздің мүрдесі табылды

Батыс Қазақстандық іздеу жасағы Украинада майданда жүріп қаза тапқан жерлесіміз Баянгөз Қабашовтың мүрдесін тапты.

Іздеушілер жасағы жетекшісі Асылбек Ізмұрзиннің айтуынша, жауынгердің мүрдесі Киев плацдармы маңындағы соғыс даласы орнын қазу барысында табылыпты. Б.Қабашов БҚО Қаратөбе ауданының тумасы. Ол 1944 жылы көз жұмған. Жауынгердің аты-жөнін анықтауға оның медальоны көмектесті, дейді А.Ізмұрзин. Қазір жауынгердің мүрдесін елге жеткізіп, туған топырағына жерлеу мәселесі шешіліп жатыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін