Жарияланды: 20

Киевте қазақстандық-украиналық инвестициялық ынтымақтастықтың келешектері талқыланды

Киевте қазақстандық-украиналық инвестициялық ынтымақтастықтың келешектері талқыланды

2020 жылғы 15 қазанда Киевтегі Қазақстанның Украинадағы Елшілігінің бастамасымен Украина Сауда-өнеркәсіп палатасында қазақстандық-украиналық инвестициялық форумы өтті.

Іс-шараны аша отырып, Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев Қазақстан мен Украина арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың елеулі әлеуетін атап өтті. Бүл ретте, ол заманауи болмыстарды ескере отырып, машина жасау, энергетика, ет және сүт мал шаруашылығы, ауылшаруашылық дақылдарын қайта өңдеу және т.б салаларда бірлескен кәсіпорындарды құру арқылы кооперациялық ынтымақтастықты дамыту қажеттігіне назар аударды. Бұл үшін Қазақстан Республикасында барынша қолайлы жағдайлар жасалды.

Украина Сыртқы істер министрінің орынбасары Евгений Енин Украина тарапының Қазақстанмен көптеген бағыттар бойынша ынтымақтастықты жанжандыруға мүдделі екенін растады. Ол бірігіп күш салудың арқасында екі елдің сауда және инвестиция саласындағы өзара іс-қимылы жоғары деңгейге көтеріле алатынын ерекше атап өтті. Украинаның Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Геннадий Чижиков дәл осындай бағытта сөз сөйлеп, бірқатар табысты қазақстандық-украиналық жобаларды мысалға келтірді.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитеттің төрағасы Асқар Шоқыбаев Қазақстан Республикасының инвестициялық климаты, көліктік-логистикалық мүмкіндіктері және екіжақты ынтымақтастықты дамытудың перспективалық бағыттары туралы ақпарат берді. Шетелдік инвестицияларды тартуға мемлекеттік қолдау көрсетуге ерекше назар аударылды.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Біржан Қанешев компанияның инвестициялық қызмет бойынша бірыңғай ұлттық оператор ретіндегі қызметі, шетелдік инвесторлар үшін берілетін жеңілдіктер, инвестициялар қауіпсіздігі кепілдіктерінің заңнамалық негіздері, инвесторлар мен жалпы экономика салаларындағы бизнеске мемлекеттік қолдау шаралар туралы ақпаратты берді. Ол украиналық бизнесті, әсіресеУукраина тарапы мықты ұстанымға ие ауыл шаруашылығы және машина жасау салаларында ынтымақтастықты дамытуға шақырды.

Ауыл шаруашылық саласын мемлекеттік қолдау шаралары және оның негізгі дамыту бағыттары туралы «ҚазАгро» Холдингінің АӨК дамыту бағдарламаларын мониторингтеу департаментінің директоры Алпамыс Омаров сөз қозғады. «Атамекен» ҰКП Басқарушы директоры Нұрлыбек Мұқанов өз кезегінде кіші және орта бизнесті қолдау бағдарламаларына назар аударды.

Қазақстанмен көпжылдық жұмыс тәжірибесі бар украиналық компаниялар өздерінің озық тәжірибелерімен бөлісті. Мысалға, Украинаның «Укрмашбуд» Машина жасаушылар мен жұмыс берушілері қауымдастығының жетекшісі Владимир Саченко бірқатар сәтті жобалар туралы айтып кетті. Бұл «Хорол механикалық зауыты» АҚ-ның Алматы, Жамбыл және Қарағанды ​​облыстарындағы 4 ірі жем зауыттарының құрылысы, сондай-ақ «DairyGlobalExperts» компаниясының еліміздің әр түрлі аймақтарында 7 сүт фермаларын салуында табысты сүйемелдеуі. Сонымен қатар, украиналық мамандар Ақмола облысында екі ветеринарлық қызмет көрсету орталығын іске қосуға көмектесті. Қазақстандағы 50-ден астам шаруа қожалықтарына технологиялық сүйемелдеу жасалуда. Сондай-ақ, украиналық компаниялар Шығыс Қазақстан облысында майлы дақылдарды өңдеу бойынша екі ірі жобаны аяқтауда.

Келіссөздер нәтижесінде «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ мен бірқатар украиналық компаниялар арасында өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылды. Атап айтқанда, «Агровет Украина» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстанда ветеринарлық дәрі-дәрмектер өндірісін, украиналық инвестор Владимир Михневич - Қазақстанда заманауи тұқым себу кешендерінің өндірісін құруды және қызмет жасауды жоспарлап отыр, ал «Clear Energy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бойынша жобаларды іске асыруға мүдделі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін