Киевтегі қақтығыста қаза болғандар саны 25-ке жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Киевтегі қақтығыста қаза болғандар саны 25-ке жетті

Киевтегі қақтығыста қаза болғандар саны 25-ке жетті

Кешегі түні Киевте болған шайқастың  нәтижесінде 25 адам қаза тауып, 241 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады РБК.

  • 19 Ақпан 2014
  • 360
Фото - Caravan.kz

Бұл Украинаның денсаулық сақтау министрлігі берген соңғы деректер.

Көз жұмғандардың арасында 9 милиция, ішкі әскер жауынгерлері және МАИ қызметкерлері бар. Соңғы екеуін түнде белгісіз біреулер атып кетті.

Қаза тапқандар мен жарақаттанғандар туралы алдын ала ақпарат. Киев көшелерінде табылған адам мүрделері туралы ақпарат сағат сайын шығып жатыр.

Жапа шеккендердің көбі оқ тию салдарынан жараланған. Қос тарап қаруды қолданғандары үшін бір-бірін кінәлауда.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Киевтегі тәртіпсіздіктер барысында 5 журналист зардап шеккен болатын. Сондай-ақ Киевтегі жағдай туралы материал жазып жүрген Украинаның «Вести» газетінің тілші Вячеслав Веремийдің сол жерде қаза тапқан.