Киевтегі қақтығыстар кезінде милиция қару қолдануға мәжбүр болды – Украина ІІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Киевтегі қақтығыстар кезінде милиция қару қолдануға мәжбүр болды – Украина ІІМ

Киевтегі қақтығыстар кезінде милиция қару қолдануға мәжбүр болды – Украина ІІМ

Киевтегі қақтығыстар кезінде құқық қорғау органдары қызметкерлері әріптестеріне оқ жауған алаңнан шығуға көмектесу үшін қару қолдануға мәжбүр болды. Бұл туралы Украина ІІМ-нің ресми сайты хабарлады.

  • 21 Ақпан 2014
  • 440
Фото - Caravan.kz

Хабарламаға сүйенсек, мергендер мен радикалды бағыт ұстанған наразы топ мүшелері ішкі істер органдары қызмткерлеріне оқ атқан.

«Қарусыз милиционерлердің оқ жауған алаңнан шығуына мүмкіндік беру үшін қару қолданылды. Көмекке келген құқық қорғау қызметкерлері «Милиция туралы» заң талаптарына сай әрекет етті», — делінген хабарламада.

Украина ІІМ хабарлауынша, қазіргі сәтте оқ тиіп жараланып, ауруханаға жеткізілген құқық қорғау қызметкерлерінің саны 130-дан асады. Тағы 13 милиционер көз жұмған.