Шерушілер ведомствоның қақпасын бұзып, оның ішіне баса көктеп кірген.
Украинаның «УДАР» оппозициялық партиясының көшбасшысы Виталий Кличко шерушілердің Әділет министрлігінің ғимаратын босатуға көндіретінін айтып, уәде берді. Жақында В.Кличконың әрекет етуімен Киевтегі Еуропа алаңындағы Украина үйі босатылды.
Бүлік шыққан елде көтерілісшілердің арнайы әскер қызметімен қақтығысы басылмай тұр. Жақында Запорожьедегі митинг қатысушылардың бәрін қуумен аяқталды. Олай болмағанда тағы 100-ге жуық адам зардап шегетін еді деп болжануда. Үш журналист жоғалып кетті.