Киіктің қырылуы қайталануы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Киіктің қырылуы қайталануы мүмкін

Киіктің қырылуы қайталануы мүмкін

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап jasqazaq.kz хабарлайды. Министрлік биылғы 18 сәуірден бастап Қазақстанның биоалуандығын сақтау қауымдастығымен және «Қазәуеқұтқару» АҚ-мен бірлесіп Бетпақдала, Орал және Үстірт популяциясы киіктеріне кезекті әуе санағы жүргізуде.

  • 4 Мамыр 2016
  • 410
Фото - Caravan.kz


Ақбөкендердің көшіп-қону мекендері бойынша қорғау жұмысын күшейту мақсатында киіктің төлдейтін жерлерінде «Ырғыз-Торғай» және «Алтын дала» екі мемлекеттік табиғи резерватының инспекторларын топтастыру шарасы өткізілген. Сондай-ақ, браконьерлікпен күресті жандандыру үшін «Охотзопром» базасында жол талғамайтын көлікпен қамтамасыз етілген тәжірибелі инспекторлардан құрылған 6 топ жасақталған. Бұдан басқа да шаралар жүзеге асырылуда. Алайда құзырлы министрлік ақбөкенді қорғау шарасын ұтымды және жедел ұйымдастырса да өткен жылғыдай киіктердің жаппай қырылуының қайталануына алаңдаушылық танытуда.