Kinder сюрпризден героин шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Kinder сюрпризден героин шықты

Kinder сюрпризден героин шықты

Рудный қаласының тұрғыны героинді Kinder Surprise-дің контейнерінде жасырып жүрген, деп хабарлады 24 kz арнасы Қостанай облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 21 Мамыр 2014
  • 445
Фото - Caravan.kz


«17 мамыр күні Рудный қаласында есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментінің қызметкерлері ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен «Арлан» арнайы жасағымен бірлесіп, 59 жастағы ер адамды ұстады», — деп жазылған ІІД-нің хабарламасында. 

Күдіктінің үйіндегі бақшасын текеру кезінде шие бұтасының артына жасырынған Kinder Surprise-дің пластмасса контейнері табылды. Оның ішінен ақшыл түсті төрт полимерге оралған зат табылған. 

«Жүргізілген химиялық сараптамаға сәйкес, табылған зат героин болып шықты. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 20 грамды құрады», — деп көрсетілген хабарламада. Қазір тергеу жүргізілуде, ұсталған адам жауап беруден бас тартып отыр. 

Аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. ҚР ҚК 259-бабының 2-1 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды.