Облыстық полиция баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға өткен сәрсенбі күні болған. Сәби кір жуатын жартылай-автомат машинаның ішіне түсіп, тұншығып өлген.
«Баланың шешесі кір жуып жатқан машинаға су құймақ болған көрінеді. Машинаны өшіріп, қақпағын жауып, аулаға шығып кетеді. Су алып келген кезде машинаның іске қосылып кеткенін байқаған. Жанұшыра қақпақты ашқан әйел машинаның ішінен кішкентай баласын тауып алған», — делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалып, тексеру амалдары жүріп жатыр.