"Кітапты тастай салғаны несі": Желіде бір "қора" кітапты үйіндіге лақтырғандар оқырмандардың ашуын келтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Кітапты тастай салғаны несі": Желіде бір "қора" кітапты үйіндіге лақтырғандар оқырмандардың ашуын келтірді

"Кітапты тастай салғаны несі": Желіде бір "қора" кітапты үйіндіге лақтырғандар оқырмандардың ашуын келтірді

Желіде бір көлік кітапты жерге лақтырғандардың видеосы тарады. Белгілі болғандай, аталған оқиға Жетісу облысы Ескелді аудандық кітапханасында орын алған.

  • 7 Ақпан 2023
  • 16
Фото - Caravan.kz

Caravan.kz тілшісі аталған оқиғаның мән-жайын анықтап көрді.

Аталған видеомен желі қолданушыларының бірі өз Instagram парақшасында бөліскен. Онда бір көлік кітаптың жерде шашылып жатқанын анық көруге болады. Сонымен бірге видео авторы оған мынадай жазба қалдырған:

"Гаджеттер кітапты ысырып тастайтын болды ма? Ескелді ауданының кітапханасы міне осылай, көлікпен көшетін болған. Бұл нағыз қорлық емес пе?", — деп жазды ол.

Желі қолданушылары аталған бейнежазбаға қатысты өз ойларын ортаға салған. Олардың басым көпшілігі аудандық кітапхананың бұл әрекетін сынап, кітапты бұлай қорлауға болмайтынын жеткізген.

"Ұят-ай, мектеп кітапханаларына берсе болатын еді ғой?", "Оқитын кітап таба алмай жүрсек, мыналар мына жаққа шашқаны несі?", "Обал болыпты, мына кітаптардың барлығы оқуға жарамсыз болып қалған шығар", "Бұл нағыз қылмыс", "Жазалау керек" деп жазды олар.

Caravan.kz тілшісі аталған оқиғаға қатысты Жетісу облысы, Ескелді аудандық кітапханасынан ресми пікір алды.


"2017 жылдың 3 сәуіріндегі N°76 қаулы негізінде, Ескелді ауданы, Кектебе ауылы филиалын жабу туралы шешім қабылданды. Осыған орай 11033 дана кітабы бар қор, Сырымбет ауылы кітапханасына – 5033 кітап, Шымыр ауылына — 3000 кітап, Жастар ауылына — 3000 кітап табыстады. Қазіргі таңда аталған кітаптардың барлығы үш ауылдық кітапханаға табысталған және оларға еш зақым келмей, олар сол күйі сақталған. Сонымен бірге кітаптарға қатысты қосымшалар да сақталған", — деп түсіндірді олар.

Соңғы жаңалықтар