КХДР ядролық нысанда белсенділігін арттыруда - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
КХДР ядролық нысанда белсенділігін арттыруда

КХДР ядролық нысанда белсенділігін арттыруда

Солтүстік Корея Йонбендегі ядролық нысанда қызметін жандандырды, деп Американдық ғылым және халықаралық қауіпсіздік институты мәлімдеді.

  • 6 Желтоқсан 2013
  • 264
Фото - Caravan.kz

Институт сарапшылары 2013 жылы 3 желтоқсандағы спутниктік фотоматериалдарды зерттеу негізінде осындай қорытындыға келді.

Коммерциялық спутниктен жасалған соңғы фототүсірілімдер Йонбендегі ядролық нысанда белсенділік артқанын көрсетеді, делінген институт таратқан баяндамада.

Онда дролық реактор орнатылған нысан үстіндегі бу ядролық жағармай өндірілетінін білдіретіні айтылған.


Сарапшылар бу суық ауа райы салдарынан жылудың арту нәтижесінде болуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды.