КХДР-ден шыққан қашқындар БҰҰ-ға өз отанындағы азаптаулар туралы айтып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
КХДР-ден шыққан қашқындар БҰҰ-ға өз отанындағы азаптаулар туралы айтып берді

КХДР-ден шыққан қашқындар БҰҰ-ға өз отанындағы азаптаулар туралы айтып берді

Өз елінен қашып шыққан солтүстіккореялықтар БҰҰ-ның арнайы комиссиясына КХДР түрмелеріндегі адам төзгісіз тәртіптер туралы айтып берді, деп хабарлады Би-Би-Си.

  • 22 Тамыз 2013
  • 399
Фото - Caravan.kz

Қашқындардың бірі Шин Тон Юк тігін машинасын құлатып алғаны үшін оның саусағын кесіп тастағанын мәлім етті. Ал Чи Хен А анасын өз баласын өлтіруге мәжбүрлегенін айтып берді.

Комиссия құрамына кірген БҰҰ-ның үш комиссары қазірде Оңтүстік Корея мен Жапонияға қашып барған бірнеше ондаған куәгерлерден деректер алмақшы.

Пхеньян комиссияны мойындамайды және оларды КХДР аумағына кіргізбей отыр.