Қайталанбас орындаушылық мәнерімен көпшіліктің көңілінен шығып жүрген ұжымның репертуары жаңарған. Бұл жолы Питер Брайнердің камералық оркестрге арнап өңдеген әйгілі Битлз тобының әндерінің концерті өтеді. Музыкадағы жаңа бағытты Қазақстанға отандық классика майталманы Гаухар Мырзабекова әкелген. Классика мен роктың араласуын ертең кешкі сағат 19.30 Абай атындағы опера және балет театрынан тамашалай аласыздар.
Мұса Керімбаев, «Қазақстан Камератасы» оркестрінің орындаушысы:
– Көпке танымал, әркімнің жүрегінен орын алған әндерді халыққа одан бетер жаңаша бағытпен, жаңаша шабытпен ұсынамыз деп ойлаймын. Ертеңгі болатын концертке келіңіздер, көріңіздер. Сіздердің көңілдеріңізден шығамыз.