Көгілдір отынға бай Ақтөбеде газ тапшы - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көгілдір отынға бай Ақтөбеде газ тапшы

Көгілдір отынға бай Ақтөбеде газ тапшы

Ақтөбелік көлік жүргізушілер көгілдір отыннан тарығып отыр. Қаладағы барлық жанармай бекеттерінде бір аптадан бері газ жоқ.

  • 13 Мамыр 2014
  • 285
Фото - Caravan.kz

Бірер күнде газы таусылайын деп тұрған жалғыз орталықтағы кезектің өзі бірнеше шақырымға жеткен. Жүргізушілер мұнда таң атпастан келеді. Жаға жартысып қалатындардың қарасы көбейгесін, бекет маңында тіпті тәртіп сақшылары да кезекшілік етуде. Қазір Ақтөбедегі көліктердің тең жартысы көгілдір отынмен жүреді. Жанармайға қарағанда құны екі есе арзан отынға қоғамдық көліктер түгелдей ауыстырылған. Бірнеше күн қатарынан кезек күтіп ондаған атвобус уақытылы жолға шыға алмай жатыр. Қара алтын мен көгілдір отынға бай өңірдің неліктен мұндай мұқтаждыққа ұрынғанан жергілікті билік айта алмай отыр. Тек газ тасымалдаушылардың қолын байлап отыр деп Мұнай және газ министрлігіне сілтейді. Себебі ондағылар қағазбастылыққа салынып, аккредитациялау жұмыстарын кешіктіріп жатқан көрінеді.


Ғизат Ахметолла, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

-Бүгін мен сағат 7-ден осы кезекте тұрмын. Жалғыз мен емес мына жерде қаншама адам шаруасынан қалып, жұмысынан қалып. Енді елімізде шығып жатқан жанар-жағармай газ ғой. Сол жоқ. Қалай қызмет жасайды халық? Қалай отбасын асырайды? Мына жерде тәуліктеп тұратын болса?