Көкарал бөгетін тұрғызған ресейлік акционерлік қоғамның бас есепшісі салық төлеуден жалтарған күдікті ретінде танылып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкарал бөгетін тұрғызған ресейлік акционерлік қоғамның бас есепшісі салық төлеуден жалтарған күдікті ретінде танылып отыр

Көкарал бөгетін тұрғызған ресейлік акционерлік қоғамның бас есепшісі салық төлеуден жалтарған күдікті ретінде танылып отыр

ҚЫЗЫЛОРДА. 20-наурыз. Kazakhstan Today. Қызылорда облысында "Сырдарияның арнасын реттеу және Солтүстік Аралды құтқару" жобасының бірінші кезегінің аясында Көкарал бөгетін тұрғызған Ресейдің "Зарубежводстрой" акционерлік қоғамның бас есепшісі салық төлеуден жалтарған күдікті ретінде танылып отыр. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес жөніндегі департаментінен хабарлады.

  • 20 Наурыз 2007
  • 463
Фото - Caravan.kz

«»Зарубежводстрой»АҚ-ның бас есепшісі Людмила Косидидің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің «ұйымның салық төлеуден жалтаруы» жөніндегі 222-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», деп хабарлады Kazakhstan Today тілшісіне қаржы полициясының штаб бастығы Бақытжан Ниязов. Оның айтуынша, Ресей азаматшасы «2003-жылдың наурыз айы мен 2007-жылдың қаңтар айлары аралығында жасанды құжаттардың көмегімен салықтан жалтарған» күдікті деп танылған. Қаржы полициясының ақпаратына сәйкес, бас есепшінің заңсыз әрекеттерінен Қазақстанның бюджеті 9 млн 312 мың 902 теңгеден қағылған.

Қазір күдіктіден ешқайда кетпеу жөнінде қолхат алынды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті