Көкпекті ауылына апат салдарынан келтірілген зиян шамамен 1 млрд. теңгеге бағаланды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкпекті ауылына апат салдарынан келтірілген зиян шамамен 1 млрд. теңгеге бағаланды

Көкпекті ауылына апат салдарынан келтірілген зиян шамамен 1 млрд. теңгеге бағаланды

Алдын ала есеп бойынша Қарағанды облысы Көкпекті ауылындағы төтенше жағдайлар салдарынан келтірілген залал шамамен 1 млрд. теңгені құрады, деп хабарлады облыс әкімі Бауыржан Әбдішев.

  • 3 Сәуiр 2014
  • 287
Фото - Caravan.kz

«Шамамен шығын белгілі болды. Елге келтірілген залал 1 млрд. теңге шегінде болып отыр. Бұл алдын ала болжам, әлі де нақтыланатын болады»,  — деді журналистерге сұхбатында Б. Әбдішев.

Оның айтуынша, арам өлген малдар шығынының өзі 26 млн. теңгеге бағалануда. Өңір басшысы барлық мал шығынының орны малдай немесе ақшалай есеппен толтырылатынын атап өтті. Сондай-ақ аймақ басшысы зардап шеккен адамдардың шығынын өтеу үшін үкіметтен көмек қажет екендігін де айтты.  

«Ақша облыс, аудан әкімінің резервінен бөлінсе, кей бөлігін демеушілік қаражат есебінен жабамыз, ал үй құрылысына Үкіметтен көмек сұрамақпыз», — дейді ол.

Облыс әкімі қазіргі уақытта Көкпектідегі орын алған табиғи апат нәтижесінде зардап шеккендерді қолдау қоры құрылғанын хабарлады.


«Алғашқы болып барлық мемлекеттік мекемелер бір күндік жалақыларын аударды, енді кәсіпорындар мен мекемелер аудара бастады», — деді облыс әкімі.

Бұған қоса, Б.Әбдішев жақындарынан айырылған отбасыларға 1 млн. теңге материалдық көмекті су қоймасын басқаратын «Табиғат 21» ЖШС беретінін мәлім етті.