Қайырымдылық көмек көрсетуге 653 мемлекеттік мекеме мен 140 жеке тұлға қатысты, делінген облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқан бүгінгі хабарламада.
Қазіргі уақытта 79 млн 976 мың теңге Қор шотынан зардап шеккен ауыл тұрғындарының жеке есепшоттарына тұрмыстық техника мен жиһаз алуға бөлінген.
Қоғамдық қордың бүкіл жұмысы облыс әкімінің тікелей бақылауында.
Бұрын хабарланғандай, 31 наурыз түнде Көкпекті су қоймасының плотинасы жарылған болатын. Соның салдарынан Көкпекті ауылындағы 810 үйдің 300-ден астамы су астында қалып, бес адам қайтыс болды.