Көкпектіде көшпелі ХҚКО жоғалған және бүлінген құжаттарды қайта қалпына келтіруде - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкпектіде көшпелі ХҚКО жоғалған және бүлінген құжаттарды қайта қалпына келтіруде

Көкпектіде көшпелі ХҚКО жоғалған және бүлінген құжаттарды қайта қалпына келтіруде

Су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету үшін Көкпекті ауылына мобильдік халыққа қызмет көрсету орталығы сапарға шықты, деп хабарлайды «ХҚКО» РМК баспасөз қызметі.

  • 2 Сәуiр 2014
  • 352
Фото - Caravan.kz

Қазір Мобильдік ХҚКО қызметкерлері жоғалған және бүлінген құжаттарды қайта қалпына келтіру бойынша жан-жақты кеңес беруде, мемлекеттік қызметтер алуға өтініштер қабылдауда, сондай-ақ оларды ауыл адамдарына беруде.

«Бұқар Жырау ауданының Мобильдік ХҚКО-ы Көкпекті ауылына 31 наурызда барды. Сол күннен бастап-ақ адамдар кеңес алуға жүгіне бастады, тұрғындардың басым көпшілігі дүлей апаттың салдарынан паспорт және жеке куәліктерінен ғана айырылып қана қоймай, сондай-ақ үйдің техникалық паспортын, машинаның құжаттарын, білімі туралы дипломдарын және т.б. жоғалтқан.

«Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыс тобы Көкпекті әкімдігінің ғимаратында күшейтілген режімде жұмыс жасауда. Мемлекеттік қызметтер көрсету мен құжаттарды қайта қалпына келтіру бойынша түсіндірме жұмыстары таң атқаннан кеш батқанша дейін жүргізіліп жатыр», — деп атап өтті «ХҚКО» РМК бас директорының орынбасары Әсемгүл Балташева.

Бұл орайда, Мобильдік ХҚКО-ның шалғай жатқан елді мекендерде тұрып жатқан тұрғындарға мемлекеттік қызметтер көрсету үшін арнайы жұмыс жасап жатқандығын атап өту керек.


Қазір Қазақстанда 70 Мобильдік ХҚКО сәтті жұмыс жасауда. Олардың сапарға шығу кестелері «ХҚКО» РМК сайтында үнемі жарияланып тұрады.