Қараусыз жатқан бөгеттерден су кетті десе, Божконың маңдайынан ешкім сипамасы белгілі. Сондықтан апат болған күні айдарынан жел есіп Көкпектіге жеткен ол жоғарыдағы бір де бір платина жарылған жоқ деп азар да безер болды.
Владимир Божко ҚР ТЖ министрі:
-Жоғарғы жақтағы су қоймасынан кеткен су мына дамбаны жарды деу бос әңгіме. Күннің 18 градусқа дейін жылуы қызыл судың көбеюіне бірден бір себеп болды.
Көкпектіде су қоймасын жалға алып отырған «Табиғат» фирмасының қызметкері Николай Селищев тасқын басып өткен жерді көрсетіп жүр. Мына мұз бөлшектері бөгетке дейінгі иен далада шашылып жатыр.
Николай Селищев, «Табиғат » фирмасының қызметкері:
-Бұрықсай платинасында жұлып әкеткен су. Міне мына жазықта жатқан мұз бөлшектері содан қалған. Бұл бөгеттердің барлығы иесіз саналады. Сондықтан біздің қойма бұл қарқынға төтеп бере алған жоқ. Ал жылда келетін қар суын өзіміз ақ реттеп жүргенбіз.
Мамандар сөзінің растығын мына тікұшақтан түсірілген таспамен дәлелдегілері келеді. Міне, мынау су бұзып әкеткен Кузнецк платинасы. Еріген қар суынан қарқын алған су араға бірнеше шақырым салып Жапон платинасына тіреледі. Қызыл су ақыры міне платинаның сол жағынан саңылау тапқаны анық көрінеді. Күшіне әбден мінген су мына тұрған соңғы бөгетті тіпті түп тамырымен шайып өткен. Бұл уақытта Көкпекті дамбасының жанында жан ұшырған қарбалас болып жатқан.
Михайл Макеев «Табиғат » фирмасыныңжұмысшысы:
-Су бірден көбейе бастады. БІздің көзімізше қоймадағы мұздар жарылып көтеріле бастады. Біз бірден техника алып кеп дамбаның жанын қазып толған суды ақырындап жібере бастадық. Бірақ су не қазылған жерден не шлюзден кетіп үлгермей жатты.
Ал мәжіліс депутаты Рауан Шаекин Көкпектіні билеп төстеп отырған Шаңырақ фирмасының өзіне тиесілі емес екенін айтып мәлімдеме жасаған. Сөйтсе ол осыдан 5 жыл бұрын фирманы бөгетімен бірге басқаға сатып жіберіпті. Қолдан қолға өткен маңызды нысанның жағдайына биліктегілер де бас ауыртапаған сыңайлы.
-Ал Шаңырақ фирмасының жаңа қожайыны сан сұраққа жауап іздеген тілшілерге көрінген жоқ. Ол тек арнайы құрылған комиссия мен құзырлы органдарға түсініктеме беріп жатыр екен. Ал сол комиссияны бастап жүрген төтенше жағдайлар жөніндегі мамандар көкпектіге дейін су бұзып кеткен басқа платиналар үшін жауаптыларды қайдан іздейтіні беймәлім.