"Көкшетау" әуе компаниясының мүлкі мемлекет меншігіне қайтарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Көкшетау" әуе компаниясының мүлкі мемлекет меншігіне қайтарылды

"Көкшетау" әуе компаниясының мүлкі мемлекет меншігіне қайтарылды

Астана. 15-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Ақмола облысы прокуратурасының шағым талабымен "Көкшетау" Әуе компаниясы" АҚ мүлкі мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының бас прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 15 Қазан 2007
  • 455
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Ақмола облысының арнаулы ауданаралық экономикалық соты 2001 жылдың маусымында «Көкшетау» әуе компаниясының 11 млн теңге көлеміндегі акциялардың мемлекеттік қоржынын «Universal Oilfield supple» компаниясына сатылуын заңсыз деп танып, сауда-саттықтың күшін жойды.

Қадағалау органы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақмола облысының прокуратурасы «Көкшетау» әуе компаниясы акцияларныың мемлекеттік қоржынын сатудың заңдылығын тесеру барысында заң бұзушылықтар анықтады, осы заң бұзушылықтар сауданы заңсыз деп тануға негіз болып отыр.

Атап айтқанда, Ақмола аумақтық мемлекттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы үкіметінің 2002 жылдың 26-маусымында бекіткен № 942 «Жекешелендіру нысандарын сату ережесінің» талаптарын айтарлықтай бұзған.

Бас прокуратураның баспасөз қызметіндегілердің түсіндіруінше, «Жекешелендіру туралы» жарлықтың 14-бабының 9-тармағына сәйкес, жекешелендіру нысаны оны сатуға бергеннен кейін 6 ай ішінде сатылмаса, одан әрі шешім қабылдау үшін мемлекеттік меншікке билік етуші өкілетті органға қайтарылуға тиіс.

Сондай-ақ, мемлекеттік акциялар қоржыны 2001 жылдың 13-маусымында сатылған, ал Ақмола аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің өкілеттілікті беру туралы бұйрығы 2000 жылдың 19-шілдесінде шыққан. Сөйтіп, мемлекеттік пакетті сату өкілетті органның шешімінсіз шыққан, деп нақтылап өтті баспасөз қызметіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті