Көкшетау полицейлері адам сату дерегін анықтаған. Күдікті үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге сотталуы мүмкін, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"ІІД -нің ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасының мәліметінше, биыл қаңтарда облыс орталығының 22 жастағы тұрғыны Атбасар қаласының 20 жастағы тұрғынын 100 000 теңгеге сатып жіберген", — делінген таратылған хабарламада. Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 128-бабының 1-бөлігі ("Адам саудасы") бойынша сотқа дейінгі шараларды жүргізіп жатыр. Қыздың не үшін сатылғаны тексеріліп жатыр. Осы бап бойынша, күдіктінің мүлкі тәркіленіп үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге сотталуы мүмкін.